21-09-2021
26.3 C
Шымкент

Өнегелі отбасымен кездесті

ОҚО Мақтаралда Шаблан Ділдәбеков ауылдық округі «Бірлік» мәдениет үйінде «Ұлт тағдыры – ұрпақ тәрбиесі» атты іс-шара болып өтті. Ауданның белсенді жастары өмірі өнермен өрілген сазгер, термеші Каналбай Сейілбекұлымен кездесті. Өнерді өнеге тұтқан отбасы Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегері атанған. Каналбай Сейілбеков тәр­бие­нің қуатты құралы – тағы­лым­­ды термелерді орындап, руха­­ни қазынаны халық арасында кеңі­нен насихаттап келеді. Өнер саңлағы са­на­­л­ы ғұмырын қазақтың қа­сиет­­­ті қара домбырасына ар­наған. Оның орындауындағы әндер мен жыр-термелер бүгінде бірнеше аудио­­дискке жинақталған. Өнегелі отбасымен кездесу жас ұрпақтың рухани құндылықтарға деген көзқарасын өзгертті.

Айжамал Қоңырбаева – Мақтарал аудандық әжелер алқасының төрайымы: — Қазір жер-жерлерде, ауылды елдімекендерде Елбасы Назарбаевтың мақаласы аясында, «Рухани жаңғыру» атты мақалаға байланысты керемет іс-шара өтуде. Ділдәбеков ауыл округінде әжелер алқасы төрайымы Гүлмираның ұйымдастыруымен керемет іс-шара ұйымдастырылды. Бұл енді тәрбие тал бесіктен, тәрбие отбасынан басталады, дейді. Осыған орай бізде қазір іс-шаралар легі мол.

Білмегенін білуге, көрмегенін көруге талпыну – талантқа тән табиғи құштарлық. Жастайынан үнемі жаңа ән мен термеге әуес Каналбай Сейілбекұлының өнер жолы расында да өскелең ұрпаққа үлгі. Талант иесі мәдениет үйінің автоклуб меңгерушісі бо­лып, ұзақ жылдар жемісті ең­бек етті. Одақ­тық дең­гей­дегі медальдары мен мара­пат­тары Мақтарал ауданының құр­метті азаматы атануға лайық дәреже берді.

Айжамал Қоңырбаева – Мақтарал аудандық әжелер алқасының төрайымы:— Каналбай Сейілбеков — мерейлі отбасы мүшесі. Бұл азамат осы елдің біртуар азаматы. Өзінің өнеріменен, атаның қаныменен, ананың сүтімен келген. Кішкентай кезінен бастап, Қанекең өнерге құштар болды. Сонау 60-шы жылдардан бастап, кеңестік дәуірде Москваның төріне барып, Кремль сарайында Ғабит Мүсіроповтың «Қыз Жібек» операсында және «Біржан Сара» операсы, «Жалбыр» пьесасында түрлі керемет ақындық өзінің шеберіменен күй атасы Құрманғазының домбырасын қолына алып, халықтың ризашылығына бөлене білді.

Іс-шара барысында Каналбай Сейілбеков жайлы бейнефильм көрсетіліп, өнерпаз ұл-қыздары көрермен назарына концерттік бағдарлама ұсынды.

АҚМАРАЛ Көпжасарова   

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР