test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Біз сізге қонаққа барамыз» акциясы бастау алды

Қазақстан Республикасның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру  күн тәртібіндегі басты мәселе болып тұр. Осы ретте бағдарлама аясында Арыс қалалық  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Арыс аудандық ішкі істер бөлімі пробация бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз сізге қонаққа барамыз» акциясы бастау алды. Осыған байланысты бір топ ерікті жастар қала тұрғыны ІІ-топтағы мүгедек Әлімбаев Бақбергеннің үйіне барып, үй ауласының тазалығын жасап, қақпаларын сырлау жұмыстарын жүргізді. Мүгедек жанның керек жарағына көмектесіп, көптен бері ойға алған жұмыстарын тындырып, бір серпілтіп тастады.Жастардң бұл ісі көпке үлгі болатынын сөзсіз.  Жалпы, мұндай іс-шараның мақсаты жастарды имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу, қала, ауылдағы көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын беру, үлкендерге құрмет көрсету болып табылады.  Ерікті жастар шара соңында үлкендердің ақ батасын алып, мұндай игі іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР