14-04-2022
13.3 C
Шымкент

Түлкібас ауданына іссапармен барды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Жамалов жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болып, бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік  нысандарды аралап жұмысымен танысты. Бауыржан Салдарұлы ең алдымен Тастұмсық ауылындағы облыстық бюджеттен салынып жатқан фелдьшерлік акушерлік пункте болып, құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігермен кездесіп, құрылысты сапалы аяқтауды тапсырды.  Мұнан бөлек, ол Азаттық ауылындағы «Майлыкент сүт» ЖШС-нің сүт өндеу цехын аралап көрді.  Жоба құны 80 млн теңге болатын серіктестікте 20 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорында  тәулігіне  10 мың тонна сүт өңделіп, майсыз сүттен бастап құрт, айран, май, ірімшік сияқты 12 түрлі өнім дайындалады. Еліміздің бірқатар облыстарына тарайтын цех өнімдеріне  облыс әкімінің орынбасары жоғары баға берді. Сапары барысында Б.Жамалов Майлыкент ауылдық округіндегі әлеуметтік дүкен мен аудандық ұлттық спорт түрлерінен балалар және жасөсіпірімдер спорт мектебінде болды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР