test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Ет экспорттау әлеуеті артып келеді

Оңтүстік облыстың ет экспорттау әлеуеті артып келеді. Бұған дейін «буферлі нүкте» саналып келген Оңтүстік Қазақстан облысы таяуда «аусылдан азат аймақ» мәртебесін алды. Бұл аграрлы өңірдің етті экспорттаудағы бірқатар тосқауылдарды жойды. Жаңа нарыққа жол ашты.  Айту керек, түстік облыс осы жылдың 8 айында 330 тоннадан астам ірі қара мал мен қой етін, «Ордабасы құс» Жаупкершілігі шектеулі серіктестігі арқасында сомасы 1 млрд. 708 млн. теңге болатын 2 485 тонна күрке тауық етін алыс-жақын шетелдерге экспорттады.  Сөйтіп, биылғы жылдың 10 айында 173,2 мың тонна ет өндірді. Бұл тұста Иран Ислам Республикасына жүгері мен қой етін тасымалдау мәселесі бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сауд Аравия, Біріккен Араб Әмірліктері мен Ирак мемлекеттеріне қой етін экспорттау бойынша алдын-ала келісімдер бар. 2016 жылы облыстан 6 700 бас ұсақ мал, 400 бас ірі қара мал мен 200-ге тарта жылқы еті экспортталды. Оның ішінде «Қайып Ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Біріккен Араб Әмірлігінің MYCo Trading FZE компаниясымен бірлесе отырып, 2000 бас қойды Фуджейра қаласына жеткізген. Сонымен қатар, жылына 3 мың тонна қой етін экспорттау бойынша Ирандық GO HARD TALAYI PASARGAD компаниясымен келісім-шарт түзілген.  Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығы бағытында өсім байқалады. Мәселен, ірі қара мал 5,9 пайызға көбейсе, қой мен ешкі 1,2 пайызға артқан. Жылқы… есебі 20 пайызға көбейді. Ойсыл қара тұяғы да 26 мыңға артқан.  Сайып келгенде бұл істер… Елбасының Ұлт жоспары – бес институционалдық реформасындағы 61-ші қадам міндеттерін орындау үшін іске асып отыр.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР