test
11-07-2024
25.3 C
Шымкент

Қытайлық делегация — Түркістанда

Шымкентте шымылдық түрген «Ontustik Tourism Invest 2017» форумы аясында қытайлық делегация Түркістан қаласына барды. Тарихи мекеннің тынысымен танысып, ұлттық өнер мен ұлттық кәсіпке қанықты. Жергілікті қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады.  Түркістан  — әуелі бастан-ақ, оңтүстікте аты озған аймақ. Оның негізгі себебі — халқының еңбекқорлығы мен шығармашылыққа бейімділігінде. Қазақы дәстүр мен салттың тұнығын бұзбаған ағайын бұл жолы қытайлық қонақтардың таңданысын тудырды.  Ду Цзян — ҚХР Мемлекеттік туризм басқармасы төрағасының орынбасары:  Аударма!!! Кез-келген аймақтың ең әуелі шырайын ашатын адамы, бұл тұрғыда мен Оңтүстік Қазақстан халқының қонақжайлығына, жылы шырайлы адамдарына тәнті болдым. Бұл — туризмді дамыту үшін аса қажетті фактор. Біз келісім орнату үшін еліміздегі әрбір аймақтан туристік ассоциацияларды, агенттіктерді алып келдік. Болашақта екі ел арасындағы жаңа авиабағыттарды ашуды жоспарлап отырмыз.

Қытай делегациясы ең алдымен, көне шаһардың тарихымен танысты. Іргетасы ХХV ғасырда қаланған тарихи қала халықаралық ЮНЕСКО ұйымының тізіміне енген. Мұнда жыл сайын мыңдаған турист келеді. Алдағы уақытта Қ.А. Яссауи кесенесі маңын абаттандыру жұмыстары қолға алынады.  Мұқым қазаққа мақтаныш болған, түбі бір түркі жұртының атамекеніне айналған Түркістан даму үстінде. Оған көне шаһарға аялдаған бар туристің көзі анық жетежі. Қытайлық бұл делегация да қасиетті мекен жұртының ерекше сый-құрметіне жоғары баға берді. Алқалы топты бастап келген ҚХР-ның Мемлекеттік туризм басқармасы төрағасының орынбасары Ду Цзян біздің өңірде туризмді дамыту үшін әріптестік байланысты нығайтуға пейілді екенін қадап айтты.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР