test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Германиялық делегация Түркістанға келді

Германияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаель бастаған делегация Түркістан қаласында болды. Тарихи мекенге ат басын бұрған топ Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Укаша ата сағанасының тарихына қанықты. Оңтүстіктің керемет табиғаты мен қасиетті жерлеріне тәнті болған шетелдіктер жергілікті азаматтардың еңбекқорлығын ерекше бағалады. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкенттің жаңа әкімі Нұрлан Сауранбаевтың арнайы қабылдауында болған делегация… қазақы қонақжайлылыққа ризашылықтарын білдірді. Ұлы Жібек жолы бойын мекендеген халықтың тұрмысына да оң баға берді. Енді көршілес Жамбыл және Қызылорда облыстарының басшы құрамымен кездесуді жоспарлайды. Онда халықаралық семинарларға қатысып, қазақстандықтардың Германиямен байланысын арттыра түспек. Айтып өтейік, жыл басынан бері Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 1,4 млрд. АҚШ долларын құраған. Оның 1 млрд. 80 млн. теңгесі импорттық өнімдер болса, біздің елден 312 млн. доллардың тауары экспортқа шығарылған. Бүгінде облысымызда Германияның кәсіпкерлері «Шымкентцемент», «Карлскрона» өнеркәсіп орындары мен Шардара ауданындағы электрстанцияға инвестиция салып отыр. Ендігі мақсат — осы байланыстарды нығайтып, әріптестікті жандандыру.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР