14 тамыз күні Астанада «Көрме» орталығында ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрме кешенінің сәулет жобалары халықтың назарына ұсынылатын болады.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Астана ЭКСПО 2017 көрме кешенінің ең үздік эскиз-идеясы, соның ішінде ЭКСПО 2017 нысанының символы болатын, Халықаралық сәулет байқауы 2013 жылдың 18 ақпанында басталып, шілде айының 18-де жұмыстарды қабылдау аяқталды.
Әлемнің 50 әйгілі сәулетшісі халықаралық көрмеге өз нобайларын ұсынды.
Кеше Қазақстан Президентіне байқауға келіп түскен 50-ге жуық жұмыс таныстырылды. Жобалармен танысып шыққан Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу Қазақстан үшін тарихи оқиғаға айналатынын атап өтті.
Кеше Қазақстан Президентіне байқауға келіп түскен 50-ге жуық жұмыс таныстырылды. Жобалармен танысып шыққан Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу Қазақстан үшін тарихи оқиғаға айналатынын атап өтті.
– Әлемнің көптеген мемлекеттері арасынан біздің еліміз көрмені өткізу құқығын жеңіп алды. Кешен Астанадағы және бүкіл Қазақстандағы ауқымды нысандардың біріне айналады. Осыған байланысты түрлі жобаларды қарастыру керек. Біз конкурсқа қатысқан қазақстандық және шетелдік барлық архитекторларға, үздік жобаларды таңдап алатын комиссия мүшелеріне алғыс айтамыз. Көрме өткеннен кейін құрылыстарды, соның ішінде тұрғын үйлерді, қызмет кеңселерін, сауда ғимараттарын, ғылыми зертханаларды пайдалануды қамтамасыз ету қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті таңдау қорытындысының маңыздылығына тоқталды.
– Біздің көрменің тақырыбы әрбір құрылыста энергияның баламалы көздерін пайдалану, жылумен және сумен дербес қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыратын «жасыл экономикамен» тығыз байланысты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
– Біздің көрменің тақырыбы әрбір құрылыста энергияның баламалы көздерін пайдалану, жылумен және сумен дербес қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыратын «жасыл экономикамен» тығыз байланысты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұсынылған өтінімдерден көрменің негізгі параметрлері, тиісті тұжырымдамасы ескерілетін «жоба-симбиоз» қалыптастыру мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Жалпы, байқауға 100-ге шақты өтінім түсіп, 20 елдің мамандары бақтарын сынады (Австрия, Австралия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Канада, Қытай, АҚШ, Нидерланды, Корея, Ресей, Португалия, Норвегия, Түркия, Тунис, Жапония, Франция, Украина және Қазақстан).
Астана қаласын жобалауда тәжірибесі бар дүниежүзіне әйгілі архитекторалар байқауға қатысуға ниет білдірді, оладың арасында Манфреди Николлети («Казақстан» киноконцерттік залы), «Студия-44», Санкт-Петербург қ. (Оқушылар сарайы), Сембол компаниясы (Хан Шатыр СОО) және басқалары бар.
Сондай-ақ, ЭКСПО көрме кешенедерін жобалауға қатысқан үздік сәулет шеберлері де қызығушылық танытты, атап айтсақ, Стефано Боери (Милан ЭКСПО-2015), Нана Эрнандес-Геташвили, Ресей павильоны жобасының авторы, ең үздік павильон әрленімі атанған, күміс медаль иегері (Сарагоса ЭКСПО-2008), GMP International SP сәулет компаниясы (Сан Паоло ЭКСПО-2020), Заха Хадид (Сарагоса ЭКСПО-2008 көмесінің көпірі) өз ойларын ұсынды.
Қазақстандық қатысушылар арасында – Қазақстан қаласалушылар одағы, «KAZGOR» жобалау академиясы; Қазақстан дизайнерлері одағының мүшесі Тимур Сулейменов; Қазақстан сәулетшілер одағынан сәулетші Сәкен Нарыновтың шеберханасы; «Қазөркенпроект» ЕҰУ«ҒЗИ Этносәулетші» және басқалары қатысты.
Байқау жұмыстарын белгілі экономист, АҚШ-тың экономикалық үрдістерді зерттеу қорының Президенті Джереми Рифкин жетекшілік ететін арнайы техникалық кеңес саралаған болатын. Кеңес құрамында әлемге әйгілі сәулетшілер мен орнықты даму мен энергияны үнемдеу саласының білікті мамандары бар.
Ең үздік деп танылған эскиз-идеясының авторы 150 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын иеленеді.
Байқау қорытындысы қыркүйек айында шығарылады.
Байқау қорытындысы қыркүйек айында шығарылады.
14 мен 16 тамыз күндері аралығында «Көрме» орталығының есігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық. ЭКСПО көрмесіне деген архитекторлардың көзқарастарымен танысуға мүмкіндік бар.