test
10-07-2024
24.3 C
Шымкент

Нан зауыты іске қосылды

Шымкентте 150 мың данадан астам нан өнімін шығаратын зауыт іске қосылды. Облыс әкімдігі мен «Атамекен корпорациясы» ЖШС-і бірлесуімен жүзеге асырылған өндірістік цех нарықтағы нан өнімдеріне деген сұранысты толығымен қанағаттандыра алатын болады. нан 

Зауыттың ашылуына қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында облыс бойынша тәулігіне 100 тоннаға жуық нанға сұраныс барын айтып, алдағы уақытта нан бағасы көтерілмейтінін жеткізді.   «Атамекен» Корпорациясы» ЖШС-нің негізгі міндеті — астықты өңдеп, ұн шығару. Бүгін жұмысын бастап отырған зауыттың екінші кезеңі аяқталып отыр. Жобаның құны 2,5 млн. АҚШ доллары. Сондай-ақ, мұнда 50 жаңа жұмыс орны ашылды. Зауытта аймақта теңдесі жоқ Швецияның заманауи жабдықтары орнатылған.  Кәсіпорын өз тұтынушыларына барлық жағдайды жасаған. Атап айтқанда, «Атамекен» Корпорациясы» ЖШС өз өнімін «Атамекен» әлеуметтік дүкендер желісіне жеткізеді. Өнімді тасымалдау мақсатында серіктестік 10 дана «Мерседес Спринтер» автокөлігімен жабдықталған.  Бүгінгі таңда кәсіпорында еуростандарт технологиясын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Осы шаралар толық атқарылып болған соң, серіктестік аймақтың ішкі нарығын толықтай сапалы нан өнімдерімен қамтамасыз етуді жоспарлауда.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР