test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

«Оқушылар үшін мұғалімді үнсіз тыңдап отыру қызықсыз»

Ел дамуының басты көрсеткіші білімді ұрпақпен өлшенеді. Өйткені білім адамға «инемен құдық қазғандай» етіп берілетін қасиет. Білім берудің негізгі тетігі саналатын мұғалім мамандығының маңыздылығы осындайда тереңдей түседі. Өйткені ұрпақ бойына білім нәрін сеуіп, сусындататын мұғалім қашанда өз деңгейінен түспеуі қажет.IMG-20150929-WA0016

Баланың қандай ұстаздан білім мен тәрбие алатыны әрбір ата-ана үшін маңызды. Мектеп қабырғасында алған алғашқы білім баланың өмір бойғы азығы болып саналады. Бүгінде осындай ұлағатты іске үлесін қосып жүрген  жас мұғалімдер де жоқ емес. Шымкент қаласы Забадам елдімекеніндегі Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектебінің мұғалімі Мақпал Бадырақова бес жылдан бері аталған білім ошағында қызмет етіп келеді. Осы мектептегі үздік мұғалімдердің бірінен саналатын Мақпал география пәнінен сабақ береді. Десе де, әлдебіреуге бұл пән тым қызықсыз немесе әлдеқайда жеңіл ретінде көрінетін шығар. Бірақ, балаға қайсы пәнді болсын барынша қызықты да  тартымды етіп жеткізе білуі  көбінесе мұғалімнін әдістемесіне байланысты болып шығады.

  • Оқушының ойын өрістетіп, шабытын шарықтататын – ол ұстаз, — дейді М.Бадырақова. — Қазіргі таңда мәлімет көздерінің шектен тыс көптігі соншалық, олар бір ғана кітаптағы ақпаратпен шектеліп қалғысы келмейді. Өйткені әрбір бала білсем деп тұрады. Қазір еліміздің білім беру саласында Кембридж әдісі кеңінен қолданылып жүр.  Сабақта мұғалім ғана сөйлеп, оқушылардың үнсіз тыңдап отыруы олар үшін қызықсыз. «Маған айтып берсең ұмтып қаламын, көрсетсең есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң үйренемін» деген Конфуцийдың пәлсапасы еске түседі. Тақырыпқа қатысты түрлі видеороликтер, фотосуреттерді пайдалану арқылы балалар бір-бірімен пікір алмасады, сол арқылы дамиды, қызығушылығы артады.  Интербелсенді әдіспен сабақ өту оқушыларыма ұнайды. Сондықтан бұл әдісті пайдалануда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағдар-бағдар беруші болып қалады.

Мақпал Қаныбекқызы осы әдістің тиімділігін облыстық, қалалық семинарларда қорғап жүр. «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – білім сапасын арттыру кепілі» атты семинарда үлгілі сабақ көрсеткені үшін ол  қалалық білім бөлімі тарапынан марапатталды. Сондай-ақ, Қ.Сәтбаевтың 115 жылдығына арналған халықаралық конференцияда ғылыми жұмысын қорғап, арнайы сертификатқа ие болды. Оқушылары облыстық зияткерлік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Иә, ұстаз — мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға.  Ал мектептің жүрегі саналатын мұғалімдер заман талабына сай болуы үшін әрқашан ізденуді, білім жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуы тиіс.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР