test
02-07-2024
28.3 C
Шымкент

Кооперативке бірігу қажеттіліктен туындайды

ОҚО Қазығұрт ауданындағы «Қайып ата» мал бордақылау кешенінің тәжірибесі көпке үлгі боларлықтай.  Серіктестік басшысы, кәсіпкер Сырым Ертаев бұл істі 2009-жылы бастаған екен.  Содан бергі уақытта бес мың бас бордақылайтын кешен салуға дейін қол жеткізіпті. Мал етімен ішкі нарықты ғана емес, сыртқы елдерді де қамтамасыз етеді.

-Бұрын Өзбекстанға өткізсек, енді Иран Ислам Республикасымен де келісім-шарт жасасып отырмыз. Ол жаққа ұсақ малдар мен ірі қара еттерін жөнелтеміз. Сұраныс жағына келсек, олар біз өндірген өнімді бір айда-ақ тұтынып қояды екен. Сол үшін бізге өндірістік кооперативтерге бірігіп, ынтымақтаса бұдан да ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруы аса қажет болып тұр.

Ирандықтар тарапынан ұсақ малды күніне үш мың басқа, ірі қара мал етін күніне 20 тоннаға дейін сұраныс түсіп жатыр. Қазір серіктестік аясында үш кооператив біріккен. Мал сол кооперативтерден жиналады екен. Негізінен, Солтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарынан да әкелінеді. Өйткені, ол жақта жайылымдық жер көп болғандықтан, әкелу, ал, осы жақта бордақылап, Иранға экспорттау тиімді.  «Қайып ата» ЖШС-нің мал бордақылау кешенінде дәл қазіргі уақытта 3,5 бас ірі қара бордақылануда. 5-6 айда сойылып, тұтынушыға жөнелтіледі. Орташа салмағы 300-350 келіден кем болмайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР