test
14-07-2024
31.3 C
Шымкент

Берекенің ісінде береке бар

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордалы Отырар ауданының еңбекқор шаруа қожалықтарының тіршілігі бүгінде өрге өрлеп тұр. Ауданда ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Соңғы әлетте шаруалар жүгері өсірумен кең көлемде айналыса бастады. Ол үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көптеген көмекті пайдаланып отыр. Жылпы, «Ырыс» микроқаржы ұйымы жыл басынан бері, Отырарлық кәсіпкерлердің 240 миллион теңгені құрайтын 100 жобасын несиелендірді. Оның ішінде Көктемгі егін егу,жинау жұмыстары үшін дихандардың 39 жобасына 74  миллион теңге көлемінде несие берілген. Дәл қазір «Ырыс микро қаржы ұйымынан   6 миллион теңге несие алган Құлтаева Береке сүт өңдейтін жанұялық фермасының шаруасын дөңгелетіп отыр. Несиеге мүйізді ірі қара алып, сүтінен құрт, май, қаймақ, сүт өнімдерін өндіріп, аудандағы мектеп, балабақша, дүкендерге және де Қызылордада ғы бірнеше кәсіпорындарға өткізеді. 80 бас сиырдан күніне 300 литр сүт алады. Ендігі жоспарымыз:» 200 бас түйеміз бар, түйенің шұбатын өңдеп, өткізу «- дейді Береке ханым. Бүгінде шұбатқа деген сұраныс артқан. Соған сай түйе басын көбейтуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР