test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Шағын кәсіпкерлік қарқынды дамуда

Ордабасы ауданында 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 27,9 млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,8 пайызға артқан. Ал одан түскен салық көлемі 406 млн. 431 мың теңгені құрады. Шағын және орта бизнестің дамуы — Қазақстанның өркендеуінің кепілі. Осындай ұстанымда жұмыс істейтін жергілікті билік кәсіп бастйамын деген ниеті бар кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлерге шағын несие ұйымдары арқылы құны 2 млрд. 135 млн. 700 мың теңгеге 4 318 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде «Оңтүстік» АИО арқылы 1 жобаға 10 млн. теңге, «Ырыс» МҚҰ» арқылы 162 жобаға 314 млн теңге игерілді. «КазМикроФинанс(КМФ)» Төрткөл филиалы арқылы 1 045 жобаға 353 млн. 200 мың теңге, Темірлан филиалы арқылы 2 458 жобаға 914 млн. 500 мың теңге, «Арнур кредит» несие ұйымы арқылы 272 жобаға 143 млн. теңге несие үлестірілді. «Рамазан Агро» ЖШС 350 жобаны 300 млн. теңгеге қаржыландырып отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР