Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен, «Парасыз болашаққа. Бірге!» республикалық акциясы аясында Ордабасы ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылған. Мобильді топ мүшелері: аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас инспекторы Б.Дәнебек, аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы Д.Өтебаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Г.Жолдасова, «Жастар ресурстары орталығы» КММ директоры М.Сайлыбаев, «Нұр Отан» партиясының Ордабасы аудандық филиалының кеңесшісі А.Ерімбетова Шұбарсу ауыл округіне барып тұрғындармен кездесті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында анонимді 70 сауалнама толтырылды.
Мобильді топ жұмысының басты мақсаты — мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.