Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда мобильді байланыстың орташа айлық тарифі шамамен 10 долларды құрайды.
Ал әлемдік орташа көрсеткіш – 27 доллар.
Сондай-ақ қараша айындағы рейтинг бойынша Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бағаланған 55 елдің арасында тарифтердің қолжетімділігі жөнінен 7-орынға жайғасқан.
