24-11-2026
9.3 C
Шымкент

ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН 1472 БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің өтініштері мен мәселелерін жедел қарау мақсатында «Ұстаз» платформасы жанынан 1472 нөмірі бойынша байланыс орталығын іске қосуда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова мәлімдеді.
Енді педагогтер еңбек қатынастары мен еңбек жағдайы, жалақы және қосымша төлемдердің есептелуі, әдістемелік қолдау, басшылармен немесе ата-аналармен туындаған келіспеушіліктер және басқа да кәсіби мәселелер бойынша арнайы байланыс орталығына хабарласып, кеңес пен көмек ала алады.
Орталықтың басты мақсаты – әрбір педагогтің өтінішіне құлақ асып, мәселесін уақтылы қарастыру және нақты шешім табуға жәрдемдесу. Өтініштер педагогтердің құқықтары мен жеке мәліметтерінің құпиялылығын сақтай отырып қабылданады.
Қазіргі уақытта байланыс орталығы сынақ режимінде жұмыс істейді. Осы кезеңде өтініштерді қабылдау және қарау тәртібі тексеріліп, анықталған техникалық ақауларды жедел түзету жұмыстары жүргізіледі.
Құрметті педагогтер! Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, 1472 нөміріне хабарласып, қажетті кеңес пен қолдау ала аласыздар. Жаңа байланыс орталығы ұстаздардың құқығын қорғауға, мәселелерін жедел шешуге және педагог мәртебесін нығайтуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР